20 наурызға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2020 жылғы 20 наурызда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау-консультациясын ұсынды.

Циклондар және олармен байланысты фронтальды бөліктер Қазақстан Республикасының солтүстік және оңтүстік аймақтарына әсер ете бастайды - жауын-шашын жауады, оңтүстікте жаңбыр, солтүстікте жаңбыр және дымқыл қар түрінде жауады, - делінген синоптиктер хабарламасында.

Республикамыздың орталығы, солтүстік-шығысы және шығысына антициклон әсер етеді - ауа райы жауын-шашынсыз сақталады. Республиканың кей жерінде жел күшейеді, тұман сақталады, солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі.

Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерінде тұман күтіледі. 

Түркістан, таңертең және күндіз Қызылорда, күндіз Манғыстау облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. 

Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман күтіледі. 

Ақтөбе облысының кей жерінде көктайғақ күтіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы