20 миллионыншы болып туған балаларға 2 млн теңгеден беріледі

«Отбасы» банкі еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанған балаларға 2 млн теңге береді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ОКҚ-дағы брифингте «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты.

«Отбасы банкі» еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанған балалардың болашағына да өз үлесін қосқысы келеді. Біз оларға әрқайсысы 2 млн теңге номиналды құны бар сыйлық сертификатын сыйлаймыз. Бұл сертификат жай ғана сыйлық емес. Ол – жарқын болашаққа жолдама. Бұл қаражат жеке баспана сатып алудың алғашқы қадамы болады, - деді ол.

Бұған дейін еліміздің 20 миллионыншы азаматтары кім екені белгілі болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы