17 Қыркүйек 2021, 16:45
20 қыркүйектен бастап оқушылар мен студенттер қашықтан оқытуға көшірілетіні рас па?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. WhatsApp мессенджерінде қазақстандықтар жаңалықтар порталынан түсірілген скриншотты таратуда. Суретте 20 қыркүйектен бастап еліміздің барлық оқушысы мен студенті онлайн режимде оқуға көшетіні туралы жаңалық көрсетілген.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. WhatsApp мессенджерінде қазақстандықтар жаңалықтар порталынан түсірілген скриншотты таратуда. Суретте 20 қыркүйектен бастап еліміздің барлық оқушысы мен студенті онлайн режимде оқуға көшетіні туралы жаңалық көрсетілген.
Stopfake.kz хабарлағандай, бұл ақпарат - жалған.
Шын мәнінде, таратылатын сурет графикалық редакторларда өңделген. Қашықтан оқыту форматына көшу туралы хабарламадағы қаріп жаңалықтар порталында қолданылатын қаріптен ерекшеленеді. Сонымен қатар хабарламада стилистикалық қателер бар.
Онлайн оқыту форматына көшу туралы ақпаратты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті де жоққа шығарды.
Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Балалар офлайн режимде оқуда және оқуын жалғастырады. Егер сыныпта коронавирустық инфекция жұқтырған оқушы анықталса, онда тек осы сынып қана екі апталық карантинге жіберіледі. Мектептегі қалған барлық оқушы оқуын дәстүрлі форматта жалғастырады, – деп түсіндірді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Демек қашықтан оқытуға көшу туралы хабарламалар фейк, ал скриншот - қолдан жасалған.
- Ақтөбеде Елек өзенінде жаңа құтқару станциясы ашылды 10:36
- БРИКС: Нью-Дели декларациясы және Қазақстанның басымдықтары 10:30
- 13 қыркүйекке арналған валюта бағамы 09:49
- Илон Маск пен Сэм Альтман ЖИ дамуын бәсеңдетуді қолдады 09:20
- «Таза жағалау» акциясы: 586 гектар жер қоқыстан тазартылды 08:54
- Тоқаев Елена Рыбакинаны US Open-дегі жеңісімен құттықтады 08:33
- Отбасы күні: Қазақстанда отбасыларға қандай қолдау көрсетіледі? 08:29