20 келіден астам марихуана тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордалық полицейлер аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған Жамбыл облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.
36 жастағы жігіттің көлігінен 21 келіден астам марихуана мен 1 келіден көп гашиш табылды. Бұл қылмыс 10 сәуір күні белгілі болды.
ҚР ІІМ және Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен өткен бірлескен жедел-профилактикалық іс-шаралары кезінде “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” тас жолының бойында Арал ауданының Шижаға елдімекені тұсында автокөлік тоқтатылды. Көлікті тексеру кезінде артқы жүк салғыштағы бензин багынан бірнеше пластик бөтелкелер шықты. 2 литрлік 8 дана, 1 литрлік 26 дана, 1,5 литрлік 1 дана ыдыстарға есірткі типтес жасыл түсті, иісті заттар салынған. Сараптама қорытындысы олардың кептірілген марихуана мен гашиш екенін анықтады, - делінген ведомство хабарламасында.Көлік иесі Арал ауданындағы полиция бөлімінің уақытша ұстау изолияторына қамауға алынды. Қазір оның үстінен ҚР ҚК 297-бабы, 3-бөлігінің 3-тармағымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әлеуметтік желіде видео таратқан қарағандылық ұсталды – ҰҚК
Өзгелердің жаңалығы