20 қазаннан бастап медицина қызметкерлерінен төлемақы алуға жаңа өтінімдер қабылданбайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен ҚР карантин шараларын күшейту және коронавирустың екінші толқынының алдын алу туралы баспасөз конференциясында айтты.
Ел бойынша пандемия басталғалы індетке шалдыққан медицина қызметкерлерінің саны 12 983 адамды құрады. Оның ішінде өңірлік комиссиялар коронавирус пен пневмонияға кәсіби міндетін атқару кезінде жұқтырған 9 309 жағдайды қарады. 21 қазандағы жағдай бойынша кәсіби міндетін жүзеге асыру кезінде індетке шалдыққан 8 863 медицина қызметкері төлемақы алды. Өңірлік комиссия барлық 122 өлім жағдайын қарады. Бүгінде қайтыс болған медицина қызметкерлерінен 182 отбасы өтемақы алды, - деді Шоранов.
Марат Шоранов атап өткендей, Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша 20 қазаннан бастап ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
20 қазаннан бастап медициналық қызметкерлерден әлеуметтік төлемақы алуға жаңа өтінім беру тоқтатылды. Медицина қызметкерінің 5 пайызы немесе 421 қызметкерге біржолғы төлемақы беру рәсімдеу деңгейінде өңірлік комиссияда жатыр. Төлемақы аптаның аяғына дейін төленеді. Мерзім 2020 жылдың 23 қазанына дейін. Жұмыс кезінде індетке шалдыққан медицина қызметкерлерін қолдау медицина ұйымдары мен кәсіподақ ұйымдары есебінен төлене береді, - деді ол.
Сонымен қатар ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша коронавируспен күрес аясында эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге тартылған медицина қызметкерлерін ынталандыру және қолдау үшін үстемеақылар төлеу жалғасып жатқанын айтты.
Ол жыл соңына дейін 137 млрд теңге үстемақы төленетінін айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ПТР тесті болмаған азаматтар еліне депортацияланады – ДСМ
Өзгелердің жаңалығы