20 қазанға арналған ауа райы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 қазанда елімізде күн ашық болады, кей жерде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал, деп хабарлайды Қазгидромет.
Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыста және солтүстікте атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты түнде және күндіз кей жерлерде жауын жаууы мүмкін. Еліміздің кей жерінде тұман түсуі ықтимал, жел күшейеді, батыста түнде көктайғақ болады.
Ақмола, Жамбыл, Түркістан облыстарында, күндіз Ақтөбе облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысында, күндіз Атырау облысының кей жерінде жел күшейіп, 15-20 м/с дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерінде желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі, түнде көктайғақ болуы мүмкін. Маңғыстау облысының кей жерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында таңертең және күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерінде түнде минус 1 градус суық болады.