20 күнде 63 мыңнан астам науқас пневмониямен ауруханаға жатқызылды
Нұр- Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да онлайн өткен баспасөз конференциясында айтты.
Жыл басынан бері 234 187 адам пневмониямен ауырды. Соңғы 20 күнде 63 491 науқас ауруханаға пневмониямен жатқызылды. Бүгінде стационарларда 45 мың науқас емделіп жатыр. Карантиннен жылдам шығу, шықпауымыз әр адамға байланысты. Күнделікті өмірде барлық талапты сақтауымыз керек. Отбасында, далада, нысанда болсын маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтап, жеке гигиена талаптарын ұстану керек, - деді ол.
Есмағамбетова айтып өткендей, әр санаттағы нысандар үшін жеке алгоритм қарастырылған.
Онда жұмыс берушіге, жеке тұлғаларға, келушілер мен қызмет алушыларға қатысты жеке алгоритмдер көрсетілген. Осы алгоритмдерді барлығы сақтаса, карантинді қатаңдатпай, жеңілдетеміз. Бүгінде карантин 2 тамызға дейін ұзартылды. Күн, апта сайын карантин талаптарының тиімділігі бағаланады. Оның нәтижеі бойынша карантинді күшейту не жеңілдету бойынша шешім қабылданады, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алакөлдегі демалыс орындары жабылады
Өзгелердің жаңалығы