20 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәрсенбіде циклон жырасының әсерінен және сонымен байланысқан атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Кей жерде жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, жел күшейеді, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.
Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерінде көктайғақ, тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-20, күндіз Қызылорда облысында екпіні 23 м/с күшейеді. Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде – көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.
Алматы, Атырау облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Атырау облысының кей жерінде бұрқасын күтіледі. Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде бұрқасын күтіледі. Ақмола облысының кей жерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, түнде Павлодар облыстарының кей жерінде тұман күтіледі