2 жыл іздеуде жүрген күдікті Қарағандыдан табылды
Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, үйінің ауласына белгісіз біреу кіріп, қорасынан темір кесетін құрылғыны ұрлап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды.
Қылмысты ашу үшін полицейлер қажетті шараларды жүзеге асырды. Іздеу жұмыстары еш тоқтамастан бірнеше жылға жалғасты.
Яғни, бой тасалап жүрген күдіктіні іздеу жұмыстары бір сәтке үзілмеді. Соның нәтижесінде, Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері екі жыл бойы іздеуде жүрген, күдікті ер адамды Қарағанды қаласынан тауып, қамауға алды.
Оның бұған дейін де бірнеше рет ұрлық жасап, ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотты болғандығы белгілі болды.
Тексеру кезінде полицейлер ер адамның осы уақытқа дейін Қарағандыда жалдамалы жұмысшы болып жұмыс істегендігін анықтады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтауда 3 жігіт суға батып кетті
Өзгелердің жаңалығы