2 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 2 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Солтүстік-батыс циклон ҚР батыс өңірлері арқылы жылжып, жауын-шашын, жаңбыр мен қар түрінде, көктайғақ және жаяу бұрқасын алып келеді.
Республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде жел жоғары жылдамдықпен соғады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аудандарында – жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
Алматы облысының Алакөл көлдерінің ауданында жел 18-23, екпіні 28 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының батыс жартысында жел 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз - көктайғақ, облыстың оңтүстігінде – тұман.
Шығыс Қазақстан облысының батысында-жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі, түнде және таңертең облыстың шығысында тұман болады.
Павлодар облысының оңтүстігінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының солтүстік-батысында, шығысында көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының орталығында тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман, көктайғақ, түнде облыстың батысында жел 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысының солтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болып, түнде облыстың батысында, орталығында жел 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстік жартысында көктайғақ болжанады.