Алматыда өгей әкесі ұрып тастаған 2 жасар бала қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бала 3 қазан күні таңертең қайтыс болды.

Бала ауыр жарақат салдарынан қаза тапты.

23 қыркүйекте 16:00 шамасында Алатау ауданы полиция бөліміне қала ауруханаларының біріне ес-түссіз күйінде 2017 жылы туған бала түсті деген хабарлама келді. Дәрігерлер баланың миында гематома бар, іші мен кеуде қуысы зақымданған, аяқ-қолдарының сау жері жоқ, көптеген жарақат алған деген диагноз қойды.

Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасында өгей әкесі соққыға жыққан 2 жасар бала үшінші күн комада жатқан.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы