2 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүйсенбіде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерде жаңбырмен бірге найзағай күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің мәліметінше, тек республиканың оңтүстігінде және батысында  жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерде республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақтан облыстарының кей жерінде найзағай, дауыл, тұман күтіледі, күндіз кей жерде жел 15-20  м/с күшейеді,  Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай, жел  15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарында, Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының солтүстігінде, Алматы облысының батысыңда өте жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы