2 қазанға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-дан хабарлады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты батыста жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын жауады. Кей жерде республика бойынша тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Түркістан, Қызылорда, түнде Батыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Қостанай, Павлодар облыстарында, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерінде түнде 1-3 градус үсік жүреді.
Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығыс бөлігінде, Жамбыл облысының солтүстік бөлігінде, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.