2 тамызға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет синоптиктері 2 тамыз, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жраиялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Циклон және оған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсер етеді. Салдарынан жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, екпінді жел соғады. 

Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында тұман түседі. Тек қиыр батыста антициклон сілемінің ықпалынан ауа райы жауын-шашынсыз болады. 

Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде қатты ыстық болады. 

Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Абай, Атырау облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы