2 қазан, жұма күні барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды
Елдің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай мен тұман күтіледі, бірқатар өңірде жел күшейіп, өрт қаупі сақталады.
Астанада жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында күндіз батыста, оңтүстікте және шығыста оңтүстік-шығыс желі оңтүстік-батысқа ауысып, секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Облыстың шығысы мен орталығында жоғары, солтүстігі мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда төтенше өрт қаупі болады.
Солтүстік Қазақстан облысында батыста және оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз батыста және оңтүстікте оңтүстік-шығыс желі оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Петропавлда түнде және таңертең тұман болады.
Қостанай облысында түнде және таңертең батыста және солтүстікте тұман түседі. Күндіз оңтүстікте және шығыста батыстан, солтүстік-батыстан соққан жел секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысында түнде және таңертең шығыста тұман түседі. Күндіз оңтүстікте оңтүстік-батыс желі секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Облыс бойынша жоғары, солтүстігі мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында түнде және таңертең солтүстікте және шығыста тұман түседі. Таңертең және күндіз солтүстікте, оңтүстікте және шығыста оңтүстік-батыс желі секундына 15–20 метрге дейін күшейіп, кей уақытта екпіні секундына 25 метрге жетеді. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында және оңтүстігінде жоғары, батысында, солтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі, күндіз оңтүстік-батыс желінің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Ұлытау облысында күндіз оңтүстік-батыс желі секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда желдің екпіні секундына 15 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі. Күндіз солтүстікте оңтүстік-шығыс желі секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Облыстың шығысы мен орталығында жоғары, батысында, оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысында батыста, солтүстікте және оңтүстікте жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Түнде және таңертең орталықта тұман түседі. Батыста, солтүстікте және оңтүстікте оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Облыстың солтүстігі мен орталығында жоғары, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде жоғары өрт қаупі болады.
Алматы облысында таулы аудандарда жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын түседі, түнде кей уақытта жауын-шашын қатты болады. Оңтүстік-батыс желі секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғып, шығыста және таулы аудандарда екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Облыс бойынша төтенше, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматыда оңтүстік-батыс желі кей уақытта секундына 15 метрге дейін күшейеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта да оңтүстік-батыс желінің екпіні секундына 15 метрге жетіп, төтенше өрт қаупі болады.
Іле Алатауының тауларында, Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында жаңбыр мен қар жауады. Түнде кей уақытта жауын-шашын қатты болады. Оңтүстік-батыс желі секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.
Жетісу облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таулы аудандарда түнде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын түсіп, кей уақытта қатты болады. Күндіз жаңбыр күшейеді. Облыстың шығысында және таулы аудандарында оңтүстік-батыс желі секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда да төтенше өрт қаупі болады.
Жамбыл облысында түнде және таңертең оңтүстікте, шығыста және таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Таулы аудандарда түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыс желі облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қалада да төтенше өрт қаупі болады.
Түркістан облысында түнде солтүстікте, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таулы аудандарда тұман түседі. Солтүстікте және таулы аймақтарда оңтүстік-батыс желі секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түркістан қаласында төтенше өрт қаупі болады.
Қызылорда облысында күндіз солтүстікте және батыста аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстікте, батыста және орталықта оңтүстік-батыс желі секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Облыс бойынша төтенше, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі болады.
Ақтөбе облысында күндіз солтүстікте, оңтүстікте және орталықта солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан жел секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Облыстың шығысында жоғары, батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында түнде және таңертең оңтүстікте тұман түседі. Облыс бойынша жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда төтенше өрт қаупі болады.
Маңғыстау облысында батыста, солтүстікте және орталықта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз батыста және орталықта солтүстік-шығыс желі секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Облыс бойынша жоғары, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында оңтүстікте және шығыста жоғары өрт қаупі сақталады.