18 Қыркүйек 2019, 16:38
Атырау маңында жол апаты салдарынан 2 полиция қызметкері зардап шекті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 қыркүйек күні сағат 10:36 шамасында Атырау-Махамбет трассасында Toyota Hilux көлігі мен полиция автокөлігі жол апатына түсті.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 қыркүйек күні сағат 10:36 шамасында Атырау-Махамбет трассасында Toyota Hilux көлігі мен полиция автокөлігі жол апатына ұшырады.
Атырау Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырауға 15 шақырым жер қалғанда Toyota Hilux автокөлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, полиция патрульдік қызметінің Volkswagen Polo көлігімен соқтығысты.
"Апат салдарынан Toyota жүргізушісі, полиция лейтенанты және кіші лейтенант әртүрлі жарақат алып, ауруханаға түсті", - делінген ведомство хабарламасында.
Аталмыш дерек ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Оқиға орнында ПД жедел тобы жұмыс істеуде.
- Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті 23:13
- Қазақстан Медиация жөніндегі халықаралық ұйымды құру туралы конвенцияға қол қойды 22:45
- «Байтақ» партиясының Құрылтай сайлауына арналған тізімінен төрт адам өз еркімен шықты 22:17
- Педагогтерді аттестаттаудан өткізу ережелері өзгерді 21:44
- +45 градусқа дейін ыстық: 14 шілдеде барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 21:15
- Жетісуда денсаулығына байланысты көлік айдауға болмайтын 58 жүргізуші анықталды 20:51
- Париж маңындағы Фонтенбло орманында ірі өрт шықты 20:20