2 мыңнан астам интернет-ресурс порнографиялық материал таратқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбында өткен брифингте ҚР ІІМ ӘПК басқарма басшысының орынбасары Ділбар Төлегенова айтты.
Жыл басынан бері порнографиялық материалдарды тарату бойынша 2 мыңнан астам интернет-ресурс анықталды, олардың 1,5 мыңын Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бұғаттады. ІІМ өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп кәмелетке толмаған тұлғалардың құқығын қорғау заңнамасын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, - деді ол.
Төлегенова айтқандай, кәмелетке толмаған тұлғаларға қатысты жыныстық қылмыстың тізімі нақтыланды.
Шартты соттау мен қылмыстық жауапкершіліктен жалтару алынды. Педофилдерді мерзімінен бұрын босату жүзеге асырылмайды. Өткен жылы кәмелетке толмаған тұлғалар мен олардың құқығын қорғау бойынша жазаны күшейту бойынша заң қабылданды, - деді ол.
Сондай-ақ, Төлегенова биыл құқыққа қайшы контенті бар 8 мыңнан астам шетелдік интернет-ресурс анықталғанын айтты.
Оның ішінде 14 қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау бар. Полиция органдары суицидтің әрбір дерегі бойынша өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу жөніндегі құрамның болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізеді, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы