2 мыңға жуық есірткі сататын сайт бұғатталды - ІІМ
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Өткен аптада Мемлекет басшысы ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдағаны белгілі. Президентке ведомствоның 2022 жылғы атқарған жұмысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы есеп ұсынылды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ел бойынша кісі өлтіру санын едәуір азайтуға мүмкіндік берген құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабарланды. Оның ішінде ұрлық пен мал ұрлығы фактілерін ашу жұмыстары күшейтілді. Министр Марат Ахметжановтың айтуынша, ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл тәсілдерін өзгерту арқылы олардың орын алу себептері мен жағдайларын және қаржыландыру көздерін жоюға баса назар аудара отырып, ұйымдасқан қылмыстық топтардың (ОПГ) 24 көшбасшысы мен 114 мүшесі ұсталды, - деп атап өтті ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек.
Сондай-ақ Президентке киберқылмыспен күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берілген.
Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді шараларды іске асыру шеңберінде ұялы байланыс компаниялары «ауыстырылмалы» 1 нөмірлерінен 5,5 млн қоңырауды бұғаттады. Ішкі істер министрлігі 6 ұйымдасқан қылмыстық топты жойып, алаяқтық белгілері бар 165 сайттың жұмысын тоқтатты. Бұдан басқа, ІІМ басқа құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп, 2781 есірткі қылмысы анықталды, заңсыз айналымнан 15 тоннадан астам есірткі тәркіленді және 70 есірткі зертханасы жойылды, сондай-ақ 1990 есірткі сайты бұғатталды, - деді Шұғыла Тұрлыбек.