24 Тамыз 2024 2024, 02:45 Фото: Түркістан облысы полиция департаменті

2 млн теңгеден асатын жылқыларды ұрлап кеткен

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері мал ұрлығына күдікті адамдар тобының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.м

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері мал ұрлығына күдікті адамдар тобының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Анықталғандай, Мақтаарал ауданының екі тұрғыны көршілес Жетісай ауданында орналасқан жайылымнан жылқы ұрлаған. Содан кейін күдіктілер ұрланған малды сатуды және ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсауды жоспарлаған. Жедел уәкілдер олардың тұрғылықты жерін тінту кезінде, ұрланған жылқыны тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.

Бүгінгі таңда күдіктілердің жалпы сомасы миллион теңгеден асатын мал ұрлығының 2 фактісіне қатысы бар екені белгілі болды. Күдіктілер қамауға алынып, тергеу жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.