2 млн теңге шығын: Қостанайда шіркеу заттарын ұрлаған күдікті ұсталды

Қостанайда полиция қызметкерлері шіркеу заттарын ұрлаған күдіктіні құрықтады. Шығын көлемі – 1,2 млн теңге, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Осы жылдың қаңтар айында күдікті ғибадатханаға жасырын кіріп, шамамен 1,2 млн теңгеге екі қола крестті, потирді, дискосты, діни қызметкердің қола крестін, конфессиялық інжілді ұрлап кеткені анықталды. Ұрлық жасағаны үшін ол екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленеді.

Сол күні теміржол вокзалында полицейлер Павлодардың 58 жастағы тұрғынын ұстады. Жасырын ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында қамауға алынды, – деді Қостанай қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Ербол Қарымсақов.

Полицейлерге Қазақстан Православие шіркеуі басшысының алғыс хаты келіп түсті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы