2 млн пара алған директор 15 млн теңге айыппұлмен құтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Павлодар" ӘКК" ҰК" АҚ әлеуметтік даму корпоративтік қорының бас директоры пара алғаны үшін сотталды.

Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша "Павлодар" ӘКК" ҰК" АҚ әлеуметтік даму корпоративтік қорының (Облыс әкімдігінің 100% қатысу үлесі) бас директоры Б.Қ.Дүйсембаевқа қатысты тергеуді аяқтады.


Ол бұрын аяқталмаған әлеуметтік нысанды бағалау бойынша қызмет көрсету туралы келісім-шарт жасасқаны үшін кәсіпкерлерден ескертілген 1 млн теңгенің 500 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелген. Павлодар қаласының №2 сотының үкімімен Б.К.Дүйсембаев пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 млн теңге көлемінде айыппұл салынды және мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынды, - делінген хабарламада. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы