2 млн га астам жер мемлекеттік меншікке қайтарылды
Жыл басынан бастап Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарны басқару комитеті жалпы ауданы 2,8 млн. га аумақта 1748-ден астам жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тексеру қорытындысы бойынша 2,2 млн. га алаңда жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 1342 ұйғарым берілді. Бұрын берілген нұсқамалар негізінде 311,3 мың га ауыл шаруашылығы жерлерін игеру басталды.
200,4 мың га алаңда пайдаланылмайтын жерлерді алып қою бойынша сот талқылаулары жүргізілуде.
Жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша 2 млн гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды, бұл 2024 жылғы жоспарды мерзімінен бұрын орындауға мүмкіндік берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарда балаларға арналған екі оңалту орталығы ашылды
Өзгелердің жаңалығы