2 маусымда елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

2 маусымда ел аумағында ауа райы жауын-шашынды болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлімдеді.

Ел аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болады, осыған байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, күндіз шығыс өңірде де қатты жаңбыр жауады деп болжанады. Еліміздің оңтүстігінде ғана антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республикамыз бойынша ортақ табиғи құбылыс – желдің екпін алуы, солтүстік, оңтүстік-батыс өңірлерде түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман болады деп күтіледі, - делінген синоптиктердің болжамында.

Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, Түркістан өңірінің орталығында, солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қостанай өңірінің оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, Қарағанды және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Түркістан облысының шөлейтті аудандарында, Атырау облысының батысында, Қызылорда облысының шығысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы