2 мамырға арналған ауа райы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2 мамырда ауа райының күрт құбылуына байланысты еліміздің бірнеше облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
2 мамырда Түркістан облысының кей жерінде күндіз нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с-ға жетеді.Шымкент қаласында күндіз нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауыса соғады, екпіні — 15-20 м/с.
Түркістан қаласында таңертең және күндіз найзағай ойнап, дауыл тұрады деп болжанып отыр. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.
Күндіз, 2 мамырда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Петропавл қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Таңертең және күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с болмақ.
Қостанай қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысында күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с. Көкшетау қаласында күндіз найзағай ойнауы ықтимал.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 85-100%.