Қытайда 2 мыңға жуық дәрігер коронавирус жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай билігінің хабарлауынша, медицина қызметкерлерінің арасында коронавирус жұқтырғандар саны артып отыр. 

Қытайда СОVID-19 жаңа коронавирусын жұқтырған дәрігерлердің саны 2 мыңға жетіп қалды. Олардың алтауы қаза тапқан. 

Бұл туралы 14 ақпанда ҚХР Денсаулық сақтау және гигиена мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеттің баспасөз хатшысы Цзэн Исинь баспасөз конференциясында мәлімдеді. 

11 ақпан сағат 24.00-дегі жағдай бойынша 1716 дәрігер коронавирус жұқтырған. Олардың алтауы қайтыс болды, - деді баспасөз хатшысы. 

Сонымен қатар, Цзэн Исинь медицина қызметкерлерінің арасында коронавирус жұқтырғандар саны артып жатқанын атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы