2 градусқа дейін жылынады. Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер еліміз бойынша алдағы үш күнге, 26-28 қаңтарға арналған ауа айы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елдің батысына, оңтүстігіне және оңтүстік-шығысына атмосфералық қысымның жоғарылау өрісі әсер етеді, осыған байланысты жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.
Қазақстанның қалған аумағы әлі де атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады, жаяу бұрқасын болып қар жауады және жел күшейеді.
Республика бойынша температуралық фонда елеулі өзгерістер күтілмейді, алайда елдің оңтүстік-шығысында ауа температурасының күндіз 3 аязға-2 жылыға, солтүстік және таулы аудандарда – 8 аязға дейін біртіндеп көтерілуі болжанады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада өңірлік мерзімді басылымдар форумы басталды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы