"2 градусқа дейін үсік". Синоптиктер алдағы үш күнге болжамын айтты
"Қазгидромет" РМК Қазақстан бойынша 2024 жылғы 5-7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктер болжамынша, ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, найзағай байқалады: республиканың солтүстігі мен шығысында кей уақытта қатты жаңбыр жауады. 7 қыркүйекте түнде елдің шығысындағы және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында антициклон жотасымен, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік және шығыс аймақтарда тұман күтіліп, топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік байқалады, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарда энергия үнемдейтін 25 вагон сатып алынады
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы