Ақтауда пәтерде жәндік улау қайғылы оқиғамен аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда 2 адам белгісіз химиялық заттан уланып қайтыс болды, деп хабарлады lada.kz.

Қоғамдық коммуникациялар орталығында тағы 6 адам жедел түрде ауруханаға жатқызылғаны хабарланды.

Құзырлы органдар мәліметіне сүйенсек, Ақтау тұрғыны көршілеріне ескертпей өз пәтерін «Квикфос» дәрісімен (жәндіктерді жоюға арналған) зарарсыздандырған. Салдарынан көрші пәтерлердің бірінде анасы мен қызы қайтыс болды. Аталған іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды, - делінген хабарламада.

Іс ҚР ҚК-ның 304-бабы 4-бөлігіне сәйкес Ақтау қаласының полиция басқармасына тіркелді. 

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, пәтер иесі анықталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы