2 адам қаза болды: Жамбыл облысында ішімдік ішкендер пышақтасты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында бір топ адам бірлесіп ішімдік ішіп, салдарынан бірін-бірі пышақтап тастаған.
Облыстық Полиция департаментінің ақпаратына қарағанда, Шу қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде 5 азаматтың бірлесіп ішімдік ішу отырысының соңы төбелеске ұласқан. Пышақ жарақаттары салдарынан 2 адам қаза болып, тағы 1 адам Шу қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған.
Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жүргізілген тергеу әрекеттерінің нәтижесінде жергілікті екі тұрғын анықталып, ұсталды, - делінген хабарламада.
Қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп, бірқатар сараптама тағайындалды. Полиция мәліметінше, ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Пәтер ұрлығы: Ұрылардан қалай сақтану керек?
Өзгелердің жаңалығы