2,5 млн-нан астам теңгені жымқырған. Петропавл тұрғыны интернет алаяқ құрбаны болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Интернет алаяқтар Петропавл тұрғынан 2,5 миллионнан астам теңгені жымқырған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Киберқылмыскерлер айла-тәсілдерін түрлендіруде.
66 жастағы петропавлдық ақыр соңына дейін қаскөйге сенбегенімен, 2 миллион 700 мың теңге қаражатынан айырылған.
Ол өзін телефонмен банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкерімін деп таныстырып, клиенттің шотынан белгісіз біреу ірі көлемдегі соманы алмақ болып жатыр деген.
Транзакцияға жол бермеу үшін банк картасының пин-кодын атау керектігін айтқан.
Ер адам БАҚ-тан алаяқтардың әрекеттері жайлы білген, қылмыскер клиенттің шотында жатқан соманы және оның соңғы уақытта қандай қаржы операциясын жасағаны туралы айтып, арбауына түсірген.
Бұл сөздерге сенген ер адам пин-кодын жайып салып, бар жиған-терген қаражатынан айырылған. Ол кейіннен полицияға жүгінген.
Петропавл қаласы ПБ Екінші полиция бөлімінің қызметкерлері аталған фактіні ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеді.
Бұл жағдай бірлі-жарым емес. Алда қылмыскерлердің нақты мәліметті қайдан алғанын анықтау керек. Әзірге алаяқтардың құпия ақпаратқа қандай жолмен қолжеткізгенін білу қажет болып тұр. Сенімге кіру, олар есімі мен жасын, ЖСН мен үйінің мекенжайын, банктегі шотының жағдайын айтады. Дегенмен ақшаға қолжеткізу үшін оларға картаның пин-коды немесе sms-хабарламадан бір реттік құпия сөз қажет. Бұл мәліметтерді алу үшін олар психологиялық қысым көрсетеді. Банкке жеке хабарласпауына сенімді түрде кеңес береді. Батыл, нық сөйлесіп, кейде қысымшылық жасауы да мүмкін - мұндай жағдайлардың бірін біздің қызметкерлер ҚР ҚК 115-бабы (Қорқыту) бойынша СДТБТ енгізді, - дейді Екінші ПБ бастығы Руслан Сыздықов.
Нақты банк қызметкерлері телефонмен клиенттерден құпия деректерді ешқашан талап етпейтінін естен шығармаған жөн.
Күдік туғызған қоңырау шалған уақытта абзалы сөйлесуді бірден доғарған және лезде банкке жеке жүгінген дұрыс немесе ресми сайтта көрсетілген Call-орталыққа телефонмен хабарласу қажет.
Полицейлер адамдарды сақ болуға, үрейге бой алдырмауға шақырады. Егер сіз интернет алаяқтардың құрбанына айналсаңыз, жедел полицияға жүгініңіз.