Нұр-Сұлтанда "1С" бухгалтерлер мен жетекшілердің" ІХ форумы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі форумда есеп мамандары 2020 жылы ҚР Салық кодексі саласында болатын өзгерістерді талқылайды. 

Бухгалтерлер мен жетекшілерге арналған ІХ форумға қатысушылар Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) аспектілері мен МӘМС бойынша төлем қабылдау тәртібін, "1С" шешімдері үшін заңнамалық өзгерістерді қолдау мәселелерін қарастырады.

Біз Қазақстан Республикасының заңнамасында болатын өзгерістер мен толықтыруларға тез жауап іздеуге тырысамыз. Ел нарығында шешімдер өте көп. Ірі және шағын бизнес, орта кәсіпкерлік үшін де шешімдердің түрлі жолы мен ауқымдылығы бар. Сол себепті өзгеруі мүмкін деп жоспарланған немесе өзгертілген өзекті жаңалықтарды қолдаймыз және оның шешімін табамыз. Ол үшін бухгалтерлердің жұмысын жеңілдететін серверлерді әзірлейміз. Біздің "1С" бағдарламамыз өте қолайлы, сапалы жұмыс атқаруы үшін еңбек етеміз. Сонда ғана бухгалтерлердің жұмысы жеңілдейді. Біздің өнімнің тиімділігі артады және бүгінгі форумға қатысушылар Қазақстан Республикасының Салық кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша компаниямыздың бұрынғы әрі бүгінгі өнімдерінің қызметі жөнінде сұрақтардың барлығына толық жауап алады, - деді "1С" Қазақстан компаниясының директоры Дмитрий Годун. 
Бүгінгі форумға еліміздің әр түкпірінен жиналған мыңға жуық бухгалтер мен жетекшілері отыр. Барлығы жұмысына қажетті өзгерістерді тыңдап, практикада пайдалану үшін келген. Жыл сайын елімізді бизнес дамып, түрлі деңгейдегі кәсіпорындар ашылып отырғандықтан, бухгалтер мамандардың қажеттілігі де артып келеді. 
Мұндай форумның маңыздылығы жоғары. Сондықтан, міне, тоғызыншы рет жиналып отырмыз. 2003 жылдан бері "1С" фирмасы жұмыс істеп келеді.  Бүгінде Қазақстан нарығындағы салық, есеп саласындағы өте ыңғайлы және қолжетімді, қажетті сала. Сондықтан біздің компания еліміздің салық саласындағы болып жатқан өзгерістерді бағдарламамызға қосып, жаңартып отырамыз. Қазақстан бойынша 3 ресми өкілдігіміз, 600-ден астам серіктесіміз бар. Олар біздің технологияларымыздың озық үлгіде болуына көмектеседі. Бүгінгі таңда "1С" бағдарламасын қоладанатын кішігірім компаниялардан бастап ірі кәсіпорындарды атап өтуге болады. Біздің "1С" бухгалтерлік қызмет көрсету" қызметін ерекше атап өтуге болады. Бұл жекелеген компаниялар өзінің жұмысын бухгалтерлік аутсорсинг арқылы іске асыруға септігін тигізеді, - деп таныстырды "1С" Қазақстан" компаниясының өкілі Оксана.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы