1945 жылы 30 сәуірде Қошқарбаев пен Булатов Рейхстагқа ту тікті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ресей Федерациясының сыртқы істер министрлігі өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады.
1945 жылы 30 сәуірде Рейхстаг ғимаратына шабуыл басталды. Сөйтіп 150-атқыштар дивизиясы 674-атқыштар полкінің жауынгерлері Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов ғимаратқа алғашқы Қызыл туды тікті.
Берлинің дәл ортасында орналасқан Рейхстаг гитлерлік Германияның ең маңызды символдарының бірі еді. Жау әскері қорғанысқа егжей-тегжейлі дайындалды. Оны қорғау үшін Германияның ең мықты деген күзет отрядтары мен іріктелген әскери бөлімшелері жұмылдырылды. 20 жастағы лейтенант Рақымжан Қошқарбаев пен 19 жастағы қызыл әскер жауынгері Григорий Булатов - Рейхстагқа алғаш көтерілген батырлардың бірі. Жауынгерлерде қолдан жасалған Ту ғана, яғни ал қызыл түсті мата байланған тутұғыр болды. 150-дивизия әскерлерінің жауынгерлік іс-қимылдары алгоритміне сәйкес олар 14:25-те ғимараттың ортаңғы бөлігіне жер бауырлап жетіп, басты кіреберіске Қызыл туды орнатты. Бұл азат етуші жауынгерлердің Рейхстагқа тіккен алғашқы туларының бірі болды, - делінген ведомство хабарламасында.
Министрліктің хабарлауынша, Рейхстагта желбіреп тұрған ту біздің жауынгерлерге ерекше күш-қуат берді.
Осылайша 30 сәуірдің кешінде 674 және 756-полктің негізгі күштері гитлерліктерге төтеп беріп, ғимарат ішіне басып кірді. Түннің ортасында лейтенант Берест, сержант Кантария және қызыл әскер жауынгері Егоров неміс снайперлерінің жаудыртқан оғына қарамастан жаудың ұясына сол бір Жеңіс туын тіккен еді. Рейхстагтың ішіндегі шайқас 2 мамырға дейін созылды, - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.
Рейхстагты басып алуда көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов Қызыл ту ордендерімен наградталды.
Қошқарбаевтың туған жеріне, яғни Қазақстанның Ақмола облысында және ел астанасында батырға арнап ескерткіш қойылды, ал Булатовтың ескерткіші Киров қаласында бой көтерді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағандыда автопарк жаңа автобустармен толықты
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы