191 млн теңге "жоғалды": Түркістанда басқарма басшысы ұсталды
ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Түркістан облысыныңбірқатар жергілікті атқарушы органдары басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеулер жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атап айтқанда, қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге бөлінген 191 млн теңгебюджет қаражатын бағыныштысымен сөз байласып ұрлаған Қоғамдық даму басқармасының басшысы бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.
Сондай-ақ, Ветеринариялық қызметі басқармасы басшысының қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері бойынша оң қорытынды шығарғаны үшін комиссия өкілдеріне 16 млн теңге мөлшерінде пара беру фактісі тергелуде.
Соттың санкциясымен көрсетілген тұлғалар қамауда ұсталуда.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан мен Финляндия арасында 15 құжатқа қол қойылды
Өзгелердің жаңалығы