19 желтоқсанға арналған ауа райы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 19 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстанның басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан еліміздің солтүстік аудандарында қар жауады. Тек республиканың шығысында антициклон әсерінен жауын-шашын жаумайды. Республиканың кей жерінде тұман түседі, жел күшейіп, жаяу бұрқасын сақталады.
Жамбыл облысының кей жерінде – тұман, жел күшейеді. Күндіз жел екпіні - 23-28 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде - боран, күшті жел. Түнде кей жерде жел жылдамдығы 23 м/с жетеді.
Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын көтеріледі, жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.
Алматы облысының кей жерінде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында желдің күші - 18-23 м/с.
Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақтөбе облысының кей жерінде – жаяу бұрқасын.
Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі, боран соғады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі, Жарма ауданында жел екпіні - 15-20 м/с.
Қызылорда облысының кей жерінде көктайғақ болады. Күндіз кей жерде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.