Қыз үшін жаппай төбелес: 19 жастағы жігіт қаза болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаппай төбелес салдарынан жас жігіт көз жұмды, деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқыс оқиға 24 тамыз күні түнде Орал қаласының "Виктория" қонақ үйінің жанында болған. Қонақ үйдің екі жағында топтасып алкогольді ішімдік ішіп отырған жігіттер өтіп бара жатқан бейтаныс қызға тиіспек болған көрінеді.

«Ішіп отырғандардың жанынан қыз өтіп бара жатқан. Қызға жігіттер тисе бастаған кезде, ол сол жердегі басқа жігіттерден көмек сұраған. Екінші топтағы ересектеу жігіттер қызды қорғаштай бастайды. Алайда, екі жақтың күші тең болмағандықтан, ер адамдар KIA Rio автокөлігіне отырып, оқиға орнынан қашып кетпек болған. Сол уақытта 19 жастағы жігіт машинаның капотына секіріп, көліктің астына түсіп қалды. Алған жарақаттары салдарынан жас жігіт сол жерде қаза тапты. 32 жастағы күдікті құрықталып, автокөлік айып тұрағына жіберілді», - делінген БҚО ПД баспасөз қызметі. 

Қазір аталған дерекке сәйкес ҚР ҚК 354-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы