19 жастағы жігіт қызбен танысамын деп ақшасынан айырылды

Қарағандыда танысу сайтында қызбен таныспақ болған жас жігіт алаяқтарға алданып қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қарағандыда жігіт алаяқтарға тұзағына түсті. 19 жастағы жігіт танысу сайтындағы қызбен кездеспек болып, ақшасынан айырыл‍ды. Полиция тез арада іске кірісіп, күдіктілерді ұстады. Олар 20 және 22 жастағы Қарағанды тұрғындары болып шықты, - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі. 

Құқық қорғаушылар интернетте танысқанда абай болуды, бейтаныс адамдармен кездескенде сақ болуды ескертеді. 

Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысында кездесуге бару үшін көлік ұрлаған жігіт ұсталған болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы