19 жастағы студент екі жасар баланы құтқарып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар депаратментіне 67 жастағы Нұрсұлтан қаласының тұрғыны Ермекбай Тамабаев хабарласты, ол «Алтынбұлақ» көп қабатты тұрғын үй кешенінің 7-қабатынан құлайын деп тұрған баланы құтқару барысына куәгер болғанын айтты.
21 шілде күні түстен кейін Ермекбай бір жасар немересін қолында ұстап, үйдің ауласында серуендеп жүрген. Кенеттен ол баланың айқайын естіді. 7 қабаттан кішкентай бала түтінсіз өрт баспалдағының қоршауында тұрып қалғанын байқап қалады.
Басы темір торлардың арасына жабысып, денесі мен қолдары сыртта , ол кіреберістің парапетіне құлап кетуі қаупі төнді,- дейді ол.
Қолындағы бір жасар баланы тастап кете алмай, қарт адам кіреберісте тұрған жастарды көмекке шақыра бастаған, өкінішке қарай олар тыңдамапты.
Егер бала құлап кетсе, еш болмаса кіреберістің күнқағарына көтерілуді өтіндім. Менің өтінішіме дереу көмекке жас жігіт жүгіріп барды. Терезе торының арасында ілініп тұрған әлсіреп қалған ішкентай баланы құтқаруға соңғы минутта құтқарып үлгерді, әрі қарай қорқыныштан тіл қата алмай тұрған анасына табыстады,- деді Е. Тамабаев.
Ермекбай қайсар студентке алғысын білдірді. 19 жастағы жас қаһарман Махмуд Ерасыл Архатұлы - Абай атындағы педагогикалық университетінің Дене шынықтыру факультетінің студенті екен.
Кішкентай баланы көріп жүрегім қақ жарылды, себебі үлгермеймін деп қорықтым. Оның үстіне қолымда кішкентай немерем бар еді. Аллаға шүкір, бала құтқарылды,- деп өз әсерімен бөлісті Ермекбай Қалиұлы.
Алматы қаласы ТЖД басшылығы ҚР ТЖ министрлігіне жоғарыда аталған тұлғаларды марапаттау туралы ұсыныс енгізді.