19 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде  жауын-шашын болады.

Батыс, солтүстікте жауын-шашын болмайды. Кей жерде тұман, найзағай, көктайғақ болып, жел күшейеді, оңтүстікте бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді, оңтүстік-батыста желдің күші 30 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Қызылорда облысында жел 15-20 м/с, кей жерде 23-28 м/с күшейеді, кей жерде көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с, түнде екпіні  23 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерінде бұрқасын күтіледі, түнде кей жерде жел 15-20 м/с, таңертең және күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, кей жерінде екпіні 25 м/с күшейеді.

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде көктайғақ, тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерінде тұман, көктайғақ түсіп, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, күндіз Алматы, түнде Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы