19 қаңтарға дейінгі рейстердің билетін айыппұлсыз қайтаруға болады

 Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әуе рейстері тоқтатылған немесе басқа уақытқа ауыстырылған жағдайда, брондау кезінде ұялы телефондары мен электрондық поштасы көрсетілген жолаушыларға өзгерістер енгізілгеннен кейін жүйе арқылы хабарланады. 

Интернетке қосылу шектеулі болуына байланысты әуе компаниялардың қызмет көрсету орталығымен байланысу қиын болуы мүмкін. Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына ұшуды алдағы рейстерге ауыстыру ұсынылады. 

Билеттерді қайтаруға және қайта брондау жағдай тұрақталып, интернет қалпына келтіргеннен кейін сатып алынған жерде жүзеге асырылады. 19 қаңтарға дейін тоқтатылған рейстердің билеттерін айыппұлсыз толық кайтарым жасауға немесе айырбастауға болады. 

Әуе билеттерін интернетсіз Kaspi.kz қосымшасы арқылы және әуежайлардағы әуе компаниялардың кассаларынан сатып алуға болады. 

Коменданттық сағат уақытында келетін жолаушыларға қала бойынша жүру үшін өзімен бірге жеке куәлігі немесе төлқұжат және отырғызу талоны болуы қажет.

Жолаушылар әуе рейстердің мәртебесі бойынша әуе компаниялар мен әуежайлардың мекенжайына келесі нөмірлер арқылы хабарласа алады: 

«Turkish Airlines»: +7 727 3123250, +7 727 3493336; 

«Белавиа»: +375172202555; 

«Lufthansa»: +7 727 3335025, +7 495 4118437; 

«Аэрофлот»: 8 800 4445555; 

«Уральские авиалинии»: +7 499 9202252; 

«Air Astana»: +7 7172 584477; 

«SCAT»: +7 725 2998880; 

«Qazaq air»: +7 7273 561414; 

«Fly Arystan»: +7 7273 311010; 

"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы»: +7 7172 702999; 

«Алматы халықаралық әуежайы»: +7 7272 221551; 

«Ақтау халықаралық әуежайы»: +7 7292 609755; 

«Turkistan International airport»: +7 7292 609755; 

«Хиуаз Доспанова халықаралық әуежайы» (Атырау): +7 7122 764646; 

«Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы» (Ақтөбе): +7 7132 730073; 

«Әулие-Ата халықаралық әуежайы» (Тараз қ.): +7 7262 542600; 

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі»: +77172798213, +77172798214 + 77172798215, + 77172798229, тәулік бойы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы