19 наурызда «Сайлау-2023» онлайн марафоны өтеді
19 наурызда Астанада «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен 16 сағаттық «Сайлау-2023» онлайн марафоны өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Политейнмент және инфотейнмент форматындағы шара таңғы 09:00-де басталып, түнгі 01:00-ге дейін жалғасады.
Онлайн марафонға БАҚ өкілдері, депутаттар, саясаттанушылар, министрлер, түрлі сала қызметкерлері, қоғам белсенділері мен өнер жұлдыздары қатысады.
Шара барысында түрлі тақырыптарда дискуссиялар ұйымдастырылып, жедел брифингтер, дауыс беру барысы туралы аймақтардан және шетелдерден тікелей қосылымдар жасалады.
Сондай-ақ «Сайлау-2023» онлайн марафоны республикалық және аймақтық телеарналардың, басылымдар мен ақпараттық агенттіктерінің сайтында, Facebook және YouTube желісіндегі ресми парақшаларында 16 сағат бойы үзіліссіз тікелей трансляцияланады.
Марафон ақпараттары https://t.me/onlinemarathon2023 Телеграм каналында жарияланады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
16 наурызға арналған валюта бағамы
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы