19 қарашаға арналған ауа райы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 19 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райы антициклонмен анықталады, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек елдің солтүстігі мен оңтүстігінде фронталды бөліктердің әсерінен қар жауады. Республиканың кей жерінде тұман, оңтүстігінде - желдің күшеюі, жаяу бұрқасын күтіледі. 

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, Түркістан, түнде Жамбыл облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Маңғыстау облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күтіледі. 

Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы