180 мыңға жуық колледж студенті штаттық режимде оқиды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде оқу жылының үшінші тоқсаны тақырыбында өткен онлайн брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты.

Брифингте кәсіби білім беру мекемелері туралы да айтылды.

Елімізде 796 колледж жұмыс атқаруда. Екінші семестрде оқығандай, студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқыту форматында оқуды жалғастырады. Колледждерде оқу келесі аптада, 18 қаңтарда басталады. І курс студенттері штаттық форматта оқуға рұқсат етілді. Пәндердің 70 пайызы дістүрлі режимде, қалғаны қашықтан оқытылады. Қай пәндерді қашықтан оқытуды білім беру мекемелері бағдарламаға сәйкес өздері қабылдайды, - деп түсіндірді Каринова онлайн брифингте.

Шағын колледждер, ауылды мекендерде орналасқан 97 коллежде және жабық түрдегі 15 колледжде де оқыту штаттық режимде жалғастырылатын болады.

Бүгінгі күні бірінші курс студенттерінің саны 179 мыңнан асады. Бұл жалпы студенттердің 31 пайызы. Олар қазіргі күні оқуларын штаттық режимде жалғастыруға дайындалуда. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар, колледждердің өздері санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға дайындау бойынша және жатақханалардан орындарды дайындау жұмыстарын жүргізуде, - деп айтты вице-министр.

Сонымен қатар, мектептерде де, колледждерде де штаттық форматта оқыту кезінде әр білім мекемесі тиісті, икемді сабақ кестесін жоспарлайтын болады. Оның ішінде міндетті түрде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлар ескерілетін болады. Сондай-ақ, колледждерде тиісті әдістемелік ұстанымдармен оқуды жалғастыруға әдістемені алғанын айтты.

Осыған дейін вице-министр елімізде оқушылардың 41,7 пайызы штаттық форматқа көшкені және қандай мектептер дәстүрлі форматта оқитыны туралы айтқан болатын.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы