23 Тамыз 2026, 16:30 Фото: ©BAQ.KZ/Олжас Адай

18 жастан 75 жасқа дейін: Астана Операда сайлау қалай өтіп жатыр?

Астанадағы Астана Опера ғимаратында орналасқан №228 сайлау учаскесінде дауыс беру белсенді өтіп жатыр. Түстен кейін учаскеге келушілер көбейіп, кей сәттерде дауыс берушілер кезекке тұрды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Учаскеде алдын ала 2481 сайлаушы тіркелген. Түстен кейінгі уақытта 400-ден астам азамат өз таңдауын жасап үлгерді.

Фото: ©BAQ.KZ/Олжас Адай

Дауыс беруге түрлі жастағы тұрғындар келіп жатыр. Учаскеге келген сайлаушылардың жасы 18-ден 75 жасқа дейін. Алғаш рет дауыс беріп отырған жастар да, егде жастағы азаматтар да бар.

Фото: ©BAQ.KZ/Олжас Адай

Сайлау барысын 10-ға жуық бақылаушы қадағалап отыр. Сонымен қатар №228 учаскеге күні бойы шетелдік байқаушылар да келіп, дауыс беру процесімен танысып жатыр.

Фото: ©BAQ.KZ/Олжас Адай

Олардың арасында Ресей, Молдова және Түркиядан келген халықаралық байқаушылар бар. Шетелдік өкілдер учаскенің жұмысымен танысып, сайлау комиссиясының мүшелерімен сөйлесіп, дауыс беру барысын бақылады.

Фото: ©BAQ.KZ/Олжас Адай

Күні бойы учаскеге халықаралық байқаушылардың әртүрлі топтары келіп-кетіп жатыр. Олар дауыс беру рәсімінің ұйымдастырылуы мен сайлаушылардың белсенділігіне назар аударуда.

Фото: ©BAQ.KZ/Олжас Адай

№228 сайлау учаскесінде дауыс беру қалыпты режимде жалғасып жатыр. Түстен кейін сайлаушылар ағыны артып, дауыс беру кабиналарының алдында кезек пайда болды.

Фото: ©BAQ.KZ/Олжас Адай