18 жасқа дейінгі барлық балаға БЖЗҚ-да арнайы шот ашылады
18 жасқа дейінгі барлық балаға жеке жинақтаушы шоттар ашылады, оларға жыл сайын қаражат түсіп тұрады. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрдің айтуынша, Ұлттық қор – балаларға жобасы 2024 жылдан бастап іске қосылады.
18 жасқа дейінгі барлық балаларға жеке жинақтаушы шоттар ашылады, оларға жыл сайын қаражат түседі. Шот операторы – «Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ болады, - деді ол.
Жинақталған қаражат кәмелетке толған кезде ғана пайдалануға қолжетімді болады.
2023 жылы бастаманы іске асыру үшін қажетті заңнамалық өзгерістер қабылдау жоспарланып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы