1,8 трлн теңге: Алатауға инвесторлар неге қызығып отыр?
Қазірдің өзінде ондаған жоба іріктеліп, мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылады деп болжанып отыр.
Алатау құрылғаннан бастап қаланың әлеуетіне инвесторлардың қызығушылығы жоғары болып жатыр. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазірдің өзінде де жалпы құны 1,8 трлн теңгені құрайтын алғашқы 44 инвестициялық жоба қалыптастырылып және 30 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бұл қаланың ғылым, туризм, медицина және инновациялар орталығы ретінде дамытудың негізін қалайды. Олардың қатарына ірі әлемдік танымал компаниялар Mars, PepsiCo, Hyundai Green Food, Envision Energy, Khan Tengri Biopharma және екі индустриялық-логистикалық хабтары, сондай-ақ ASP Аrena, К-Park сияқты туристік жобалар кіреді, - деп атап өтті вице-премьер.
Айтуынша, заманауи Iconic Complex көпфункционалды кластері, көшбасшы KAIST Кореялық жоғары технологиялық университеті және пилотсыз ұшу аппараттар енгізу бойынша стратегиялық жобалары іске асырылатын болады.
Сонымен қатар қаланы инфрақұрылыммен қамтуды кезең-кезеңімен іске асыру үшін 2030 жылға дейінгі жоспары бекітілді. Алға қойған мақсаттар іске асқан жағдайда, халықаралық сарапшылардың болжамы бойынша 2050 жылға қарай қаланың өңірлік жалпы өнімі 50 млрд АҚШ долларына дейін жетеді деп күтілуде, - деді Қанат Бозымбаев.
Еске салайық, Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр.