18 шілдеде екі өңірде аптап ыстық болады

18 шілдеде еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, күндіз Атырау, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық болады.

Оңтүстік циклон және онымен байланысты жылжушы атмосфералық фронтальды бөліктерге байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипатын сақталады: жаңбыр жауады, солтүстік, шығыс, орталық, оңтүстік-шығыс өңірлерде, таулы аймақтарда, тау бөктерлерінде найзағай ойнап, бұршақ түседі, қатты жел тұрады, нөсер жаңбыр жауады. Республикамыз бойынша жел екпін алады деп күтіледі, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Атырау облысында, БҚО-ның солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, Жамбыл өңірінің солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Абай облысының оңтүстігінде, орталығында, Ақтөбе өңірінің оңтүстік-батысында, ШҚО-ның оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысының батысында, Жетісу өңірінің солтүстігінде, Павлодар облыстарының шығысында өрт қаупі жоғары болады.

Ал Маңғыстау облысында, Атырау өңірінің оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Түркістан өңірінің шөлейтті аудандарында, орталығында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов -архив
Өзгелердің жаңалығы