18 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын болады.
Қызылорда облысында жел 15-20 м/с, кей жерде 23-28 м/с күшейеді, кей жерде көктайғақ, шаңды дауыл, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, түнде Алматы облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, Жамбыл облысында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін, таңертең және күндіз кей жерде жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күшейеді.
Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күшейеді, Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі.
Атырау облысында жел 18-23 м/с дейін күшеюі мүмкін.
Батыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысының кей жерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.