18 млн қазаққа жер жетпей отыр – депутат

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Азамат Әбілдаев 18 млн қазаққа жер жетпей жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін Ауыл шаруашылығы министрі «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңының жобасын бірінші оқылымда таныстырған болатын.

Депутат Азамат Әбілдаев Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сұрақ қойды.

Осы заң жобасын тыңдағанда ең маңызды проблеманы айтқан болатынбыз. Дүниежүзі бойынша жайылымнан 6-орын алатын (Қазақстанда – ред.) 18 млн қазаққа жер жетпей отыр. Біз соны баяғыдан бері айтып келе жатырмыз. Осыдан 10 жыл бұрын Америкадан, Канададан сарапшыларды шақырғанда жайылым дұрыс пайдаланылмайтынын айтқан еді. Сол кезде жердің 85%-ы дұрыс пайдаланылмайтын. Оны қазірден көріп отырмыз. Жерді қоршайсыздар ма? Бұл бірінші мәселе. Өйткені жайлаудан қыстауға, қыстаудан мал айдап өтетіндер жоқ. Айдаса, олар елдің жерімен айдап өтеді, - дейді Әбілдаев.

Депутат министрден келесі жылы 5 млн га жер қайдан және қалай қайтарылатынын сұрады.

Жаңа 5,2 млн га жер қайтардық, 5 млн га-сы кейін қайтады деп отып отырсыз. Келесі жылы 5 млн га жер қайтатынын қайдан білесіздер? Өйткені Мойынқұм ауданында 8 млн га жер бос тұр. Ол жаққа ешкім барғысы келмейді. Барлығы ауылдың жанынан алғысы келеді. Мұның барлығын бұған дейін айтқанбыз. Әлі құлақ аспай келесіздер. Проблеманың бәрі осыдан басталады. Жаңа Шөкеевтің, басқаның жері деп отырсыздар. Ол кімнің жері болса да, ол жерде ел жұмыс істеп, егін егіп отыр. Содан болар, оны ешкім ала алмайды. Бұл жерде мәселені қарау керек, - деп атап өтті Мәжіліс депутаты министрге.

Өз кезегінде Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев депутат сұрағына жауап берді.

Қазақстанда жайылым жерлер бар. Миллиондаған гектар жер шалғайда. Бізге малдарды жаюға ауылдың маңындарғы жерлерге қажеттілік бар. Ол жерде де көлемге шектеу бар. Бұл сұрақты шешу үшін жыл басынан бері сіздердің қолдауларыңызбен заңнамаға да өзгерістер енгізіп жатырмыз. Қоршау, субсидиялау бойынша ауқымды жұмыс істеліп жатыр. Барлығы ашық НҚА-ға жарияланды, - деп жауап берді Қарашөкеев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы