Жыл соңына дейін 18 мектептің құрылысы аяқталады – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуға арналған Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова айтты.
«Республикалық деңгейде «Күнделік» жобасы іске асырылуда. Желіге 6 мыңнан астам мектеп қосылып, 4 миллионнан астам адам тіркелген. Жоба толығымен жеке инвесторлардың қолдауымен қаржыландырылады. Мемлекеттік жекеменшіктік-әріптестік жобалары негізінен мектепке дейінгі салаларға бейімделген. Жалпы, мектепке дейінгі ұйымдардың саны 5 жылдың ішінде 3,5 есеге артып, 3640-қа жетті. 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен қамту 95 пайыздан асып отыр. Бүгінгі таңда балалардың 39 пайызы жекеменшік балабақшаларда тәрбиеленуде. Осы жұмысқа жеке кәсіпкерлерді тарту арқылы мемлекет 1000-нан астам балабақша салуға жұмсалатын 615 милиард теңгені үндемдеп отыр. Аталған тәжірибе орта білім тұрғысында да пайдаланылады. Оқу процесін жан басына сай қаржыландыру негізінде жеке кәсіпкерлерді өз қаражаты есебінен мемлекет құрлысына ынталандыру арқылы елімізде 15 жекеменшік мектеп ашылды. Жыл соңына дейін тағы 18 мектеп құрлысы аяқталады деп күтілуде. Жалпы, 3 жылдың ішінде 40 мектепті іске қосу жоспарланып отыр», - дейді Күләш Шәмшидинова.
Оның айтуынша, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту жобасы аясында кәсіпкерлерді мектептерден бөлек, колледж, жатахқана құрлыстарына да тартып жатыр екен. Соның арқасында биыл 9 мыннан астам жатақхана құрлысы енгізіледі.
«Мемлекеттік бюджет есебінен мектеп салуды өңірдегі бала санына қарай, қарастырылып отыр. Үш ауысымды және апатты ғимаратта орналасқан мектептер мен оқушы тап елдімекендер проблемаларын шешуге бағытталатын болады. Техникалық және кәсіптік бағыт беру бағытында да мемлекеттік жекеменшік-әріптестік дами бастады. Қазіргі кезде елімізде 871 колледждің 479-і мемлекеттік болса, 342 жекеменшік нысан болып саналады. Павлодар, Алматы облыстарында бизнеске сенімгерлік басқаруға 5 колледж берілген. Дуалды білім берумен студенттерді қамту 19, 8 пайызды құрап отыр. Бұл модель жатақхана құрлысына да пайданылады. Осы жылдың соңына дейін 9 мыңнан астам жатақхана құрлыстарын енгізу күтілуде. Кәсіпкерлерді білім саласына дамытуға тарту үшін кешенді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», - дейді БҒМ министрі.