18 маусымға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, тек оңтүстік-батыста күн райы ашық болады.
Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, еліміздің кей жерінде найзағай жарқылдап, жел күшеюі, дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал, солтүстіктін кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.Қостанай облысының кей жерінде бұршақ жаууы ықтимал, түнде кей жерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Павлодар облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде бұршақ жаууы ықтимал, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде дауыл күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, күндіз кей жерде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Ақмола облысының кей жерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең тұман күтіледі, таңертең және күндіз кей жерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан, Қызылорда, күндіз Ақтөбе, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, түнде кей жерлерде дауыл күтіледі.
Маңғыстау облысының кей жерінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан облысының кей жерінде, Ақтөбе, Қостанай, Түркістан, Алматы облыстарында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Үкіметтің жаңарған әлеуметтік саясаты бойынша шұғыл шаралар әзірлеуді тапсырды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы